Everything.kz

Құран қабір азабы жайында

Құран қабір азабы жайында
Құран қабір азабы жайында Қайырымды Мейірімді Аллаһтың есімімен Өлім - әр тіршіліктің өмірінде болмай қалмайтын сәт. Бұл құбылыс туралы пайымдар мен жорамалдар көп. Қабір азабы тезисі дәстүрлі Исламда жайылған ой-пікірлердің бірі. Өлімнің шарттарын қарастырайық: Әр жан өлімді татады әрі Тірілетін Күнде сендерге сыйларың толық беріледі. Кім оттан алыстанып, Жәннәтқа кіргізілсе, сол жетістікке жетті. Ал осы дүние - тек қана құмарлықпен пайдалану. (3:185) Оқиғалардың нақты реттілігі көрініп тұр: 1) Өлім; 2) Тірілу; 3) Сот; 4) Жәннәт немесе Тозақ. Осы реттілікте қабыр азабына орын жоқ. Қабір азабы деп дененің азап шегуін айтады. Алайда, бұл көзқарасқа лайық Құранда дәлел жоқ: Олардың біреулеріне өлім келгенде, ол: "Ием! Мені қайтаршы, мүмкін мен қалдырылған игі амалдарымды істейтін шығармын." Жоқ! Бұл - оның айтылған сөздері ғана. Олардың артыларында, тірілетін күндеріне дейін, бөгет болады. Керней үрленген кезде, сол күні олардың арасында туыстық болмайды және бір-бірін сұрастырмайды. Кімнің таразысы ауыр болса - олар бақыттылар, ал кімде жеңіл болса - олар өздеріне зиян жасады, Тозақта өмір-бақи болады. От олардың беттерін күйдіреді және олар түксиген болады. (23:99-104) Бұл үзіндіде өлімнен кейін болатын оқиғалар толығырақ баяндалған. "Тұлға" денеден шығып, аралық күйде болады. Басты сигналдан кейін адам денеде тіріледі және мекендеу мерзімі оған аз болып сезіледі: Ол: "Сендер жерде қанша жыл болдыңдар?" - деп сұрады. Олар: "Біз бір немесе жарты күн болдық, бірақ есептейтіндерден сұра" - деп жауап берді. Ол: "Білсеңдер, сендер аз болдыңдар" - деді. (23:111-114) Одан әрі айта кетейік, тірілген адамдар қабірде жатуын тыныштық жері деп бағалайтын факті Құранда анық белгіленіп тұр: Керней үрленді, міне - олар Иелеріне ұмтылып жатыр. Олар: "Қайғы бізге! Тыныштық (мәрқодина) жерімізден бізді кім жіберді?! Бұл - Қайырымдының уәдесі және жіберілгендер рас айтыпты" (36:51-52) "Мәрқодина" терминінің түбірі - ұйықтау, тынығу, жату деген мағына беретін "рақада" сөзі болып табылады. Яғни адам қабірді, алаңсыз ұйықтап жатқан, тыныштық жері деп бағалайды. Тарихи Исламда қабір азабын ақтау үшін келесі аяттарды келтіріледі: ... Перғауынның руы жаман азапқа ұшырады, олар таң мен кеш сайын Отқа кіргізілді, ал сағат келген күні... "Перғауынның руын ең үлкен азапқа ұшыратыңдар!" (40:45-46) Бірінші рет қарағанда, Перғауын мен оның қоршаған адамдарды өлімнен кейін Сот күніне дейін отпен жазалап жатқан сияқты көрінеді, сол себептен бұл үзінді қабір азабының дәлелі деп ойлап қалуға болады. Алайда, біз осы жәйтқа үңіле қарасақ, осы пайымдаудың дәлелсіздігін көреміз. 1) қабір азабы, дәстүр бойынша, қабірдің ішінде болады. Денені жер қысады әрі періштелер соғады. Қайтыс болған күнәһар тек қана Тозақтағы мекенін көреді. Ал аятта Перғауын мен оның руы Отқа кіргізілгені айтылып жатыр. 2) От азабын Аллаһ тек қана Тозаққа кірген адамға уәде берді. Демек, Перғауын мен оның руының Оттан азап шегуі, Тозақта ғана бола алады. Сонда Біз осы аяттарды қалай түсіне аламыз? Араб тілінде апару және қалпына келтіру деген мағына беретін "тақдим уә тақдир" деген әдебиет тәсілі бар. Дұрыс мағынаны түсіндіру үшін, бұл тәсіл сөйлемнің бөлшектерін орнымен ауыстырады. Осы аяттардың мағынасы бұрмаланбай, түсінікті болу үшін, аударманың келесі нұсқасы ұсынылады: Сағат келген күні: "Перғауынның руын үлкен азапқа ұшыратыңдар!" - (делінеді), Перғауынның руы жаман азапқа ұшыратылады - таң мен кеш сайын Отқа кіргізіледі. (40:45-46) Сөйлемнің осындай реттілігінде мағынасы түсінікті болады, ал ең бастысы - От азабы Тозақта, яғни, Соттан кейін, болуының шарты бұзылмайды: Расында, белгілерімізді жасырғандарды Отта өртейміз! Азапты татулары үшін олардың терілері жанған сайын, оны басқа терілерге ауыстырып тұрамыз. Расында, Аллаһ - Ұлы, Дана! (4:56) Байғұстар, отта өртеніп, шыңғырады және еңірейді (11:106) "Хақ - Раббыларыңнан. Кім қаласа - сенсін, кім қаламаса - сенбесін." - деп айт. Біз зұлымдар үшін отты дайындадық. (Тозақтың) қабырғалары оларды жан-жақтан қоршап тұрады. (18:29) От олардың бетін өртейді әрі олардың (беттері) құрысып қалады. (23:104) Иә, олар Сағатты жалған санайды. Сағатты жалған санағандарға Біз От дайындадық. Ол оларды алыстан көргенде, олар оның (тозақтың) ашуын мен айқай-шуын естиді. Онда оларды тар байлап, бір жерге лақтырады, сол жерде олар өлімді шақырады. (25:11-13) (Жолдан) тайғандарға келсек, - олардың баспанасы от болады. Олар одан шыққысы келсе, қайтадан (оның ішіне) лақтырылады. Оларға: "Жалған санаған оттарыңнан азабын шегіндер!" - делінеді. (32:20) Расында, Аллаһ (Оның белгілерін) жасырғандарға лағынет етті және отты дайындады, (оттың) ішінде олар өмір-бақи болады! Олар өздеріне жебеушіні де, жәрдемшіні де таппайды. (33:64-65) (Аллаһтың белгілерін) жасырғандарға Тозақтың оты дайындалған. Олар онда жойылмайды әрі өлтірілмейді. Олардың азаптары жеңілденбейді. (Белгілерімізді) жасырғандардың бәрін жазалаймыз. (35:36) Аллаһтың дұшпандарының сазайы осындай! От! Біздің белгілерімізді жасырғандары үшін олар оның ішінде өмір-бақи мекендейді. (41:28) Алайда жоқ! Бұл - бас терісін сыпырып алатын Тозақ оты. (70:15-16) Тағы да, дәстүрде келесі аятқа сілтеме бар: Мені еске алудан кім бас тартса, онда, расында, жоқшылыққа толы өмір (ма'иишатан данкан) болады! Ал тірілетін күні Біз оны соқыр қылып жинаймыз. (20:124) Дәстүрдің кей дін мамандары "ма'иишатан данкан" сөз тіркесі тарлық пен қабір азабын білдіреді деп санайды. Бұл орнықты пікір емес, себебі бұл сөздерді жеке алсақ та, олардың ешқайсысы қабір деген сөзді білдіртпейді. "Ма'иишатан" сөзі соқыр, соқырланған, ал "данкан" сөзі қысым деген мағыналарды береді. Араб тілінде бұл сөздер жиі бірге қолданылып, "жоқшылыққа толы өмір" деген мағынаны береді. Құранда, өлімнен кейін болатын оқиғалардың келесі суреттемелері бар: (Белгілерімізді) жасырғандардың өмірлерін қалай аяқтайтынын (иатауаффа) көрсең! Басқарушылар олардың беттерінен және арқаларынан ұрып: "Өрт азабын татыңдар!" - дейді. (8:50) Басқарушылар оларды толық тыныштандырғаннан (тауаффатхум) кейін, олардың беттерінен және омыртқаларынан қалай ұрады! (47:27) Бұл жерде, біздің "тұлғамыз" басқарушылардан жазаға ұшырау мүмкіндігі фактін белгілеуге болады. Бұл жаза денеге қатысты емес, біздің "нәфсіміз" - "Мен" дейтініміз ("мәніміз", жанымыз", "тұлғамыз" - аудармашының ескертуі) жазаға ұшырылады: Ол сендерге сақтаушыларды жіберді. Біреулеріңе өлім (мауту) келгенде, Бізден жіберілгендер оны толық тыныштандырады (тауаффатху) және олар ештеңені жіберіп алмайды. (6:61) Аллаһ туралы өтірік нәрсе ойлап тапқаннан немесе Оның белгілерін өтірік деп санағаннан, кім залымырақ? Олар Кітап бойынша өз үлесін алады. Бізден жіберілгендер олардың өмірлерін аяқтауға (иатауаффаунахум) келгенде: "Аллаһтан өзгелерді шақырғандарың қайда?" - деп сұрайды. Олар: "Бізден жоғалып кетті" - деп жауап береді. (Аллаһтын белгілерін) жасырғанбыз деп, өздеріне қарсы куәгер болады. (7:37) Өлім басқарушысы өлімдеріңді (иатауаффакум) қабылдайды, сендерді оған тапсырдық, сонан соң Иелеріңе қайтасыңдар. (32:11) Сөйтіп, Құранда қабір азабы жайлы ақпарат жоқ, ал От азабы тозақта ғана болады деп Жаратушы уәде берген.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Құрандағы Ислам