Everything.kz

Жаратушының Нұсқауы - ҚҰРАН

Жаратушының Нұсқауы - ҚҰРАН
Жаратушының Нұсқауы - ҚҰРАН Кез келген құралдың немесе механизмнің өз жаратушысы болады. Сонымен қатар пайдалану процессін жеңiлдету үшiн қолданушыға арналған нұсқауды құрайтын кітапша болады. Адамзат және қоғам био-социо -саяси - экономикалык - механизм болып табылады. Сондықтан нормалы, тиiмдi болу және жұмыс жасау үшiн адамзатка жол бағыттаушы керек. Бұрыннан адамзатқа бұл жолды философия, ғылым, дiн, эзотерикалар көрсетіп келген. Мысалы, психология ғылымы адамның психикалық саласының жұмыс жасауын түсiндiруге бағытталған. Психологиялық зерттеулердiң негiзiнде адамды терапия және диагностиклық әдiстеме, сауығу, бақылау және манипуляциялар жасауға бағытталады. Негiзiнен , философия және табиғи ғылым сонымен шұғылданады. Жетістіктер адамдарың ұйымдастыруы ең жақсы әдiстермен өтуіне және тiршiлiк әрекетiн баскаруды ең жақсы нәтижелермен аяқтауға бағытталу керек. Алайда бұл жетістіктер ешкiмге қажетті да, қызықты да болмайды. Мұндай тура жолға бағыттаушылардын бірі Оқылым (Құран) болып табылады. Оқылым (Құран) Құдайдан түскен кітап болып саналады, сондықтан ерекше iлтипатқа лайық болуы тиіс. Құран мәтінінің бірнеше жерінде арабтың «худан» сөзін кездестіреміз,оның мағынасы: дұрыс жол бойынша жүргізу; жолды көрсету; бағыттау; басшылық ету, басқару; алып келу болып табылады. Міне осы Кітапта күдік жоқ, абай болғандар үшін тура жолға бағыттаушы. (2:2) Рамаддан айында адамдар үшін тура жол бағыттаушы (худан) түсті. Тура жол бағыттаушыда анық дәлелдер мен (дұрыс пен бұрысты) ажырату бар...(2:185) Саған оқылымды (Құранды), олардың қайшылыққа түскен нәрселерін анықтауың үшін және иман келтірген ел үшін тура жолға бағыттаушы (худан) әрі игілік түрінде ғана түсірдік. (16:64) Аллах аяттарын бір-біріне ұқсас қайталанып отыратын, сөздің ең көркемін Кітап түрінде түсірді. Одан Алладан қорыққандарынан терілері үрпиеді. Сосын олардың терілері, жүректері Алланы еске алганда жұмсарады. Бұл (Құран) - тура жолға бағыттаушы (худа). Кім каласа,соны онымен тура жолга салады. Алла кімді (Құранмен) адастырса, оған тура жол көрсетуші табылмайды. (39:23) Жоғары келтiрiлген аяттардан адамдар үшiн нұсқау Құран болып табылғанын көруге болады. Бiрақ кейбiр идеологияларда мынадай сенiм бар: тек қана Құранмен пайдалана отырып адам адасуы мүмкін, яғни тура жол таба алмайды дейді. Бірак Аллах керісінше айтады: Негізінде осы оқылым (Құран) ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген иман келтіргендер үшін әрине зор сыйлық бар екендігін сүйіншілейді. (17:9) (Мұхаммед) сен сондай өзіңе уахи етілгенге жабыс. Сен шын мәнінде тура жолдасың. (43:43) Жалғыз Құранды басшылыққа алу аз деп айтылу себебі мынада жатыр: мысалға адамдардың ойынша, Құранда көп нәрсе айтылмай, қалып кеткен. Мәселен, соляттың (Алламен байланыс, намаз) саны, оның калай орындалуы, дареттің қалай алынуы, хадж толығымен қалай орындалатыны, т.с.с. жайлы жазылмаған деп ойлайды. Осыдан кейін адамдардын ойынша, Алланың сөзі (Құран) жетіспеушілікке толы әрі толықтыруды талап етеді. Ал бұл туралы Аллах былай дейді: ... Сондай-ақ саған әр нәрсені ашықтайтын және бой ұсынғандар үшін тура жол бағыттаушы (худан), рақымдылық әрі қуаныш түрінде оқылымды (Құранды) түсірдік. (16:89) Адамға Құран керектігінің бәрін тусіндіретін екендігіне осы аяттан көруге болады. Демек, Қиямет күні адамдар арасындағы басты айырмашылық осы Құранға лайық жүргенге байланысты болады: Расында саған (Мұхаммед) оқылымды (Құранды) міндетті қылған Алла, әрине сені қайтар жеріңе қайтарады. “Раббым, тура жол бағыттаумен (худан) келген кісіні де ашық адасудағы кісіні де жақсы біледі” де. (28:85) Күнәхар екенімізді есте сақтай отырып, кандай да бір шешімге келгенде Алладан мынаны сұрауымызды ұмытпауымыз жөн: Раббымыз! Бізді тура жолға салған соң жүрегімізді ауытқытпа. Және бізге Өз рақымыңнан сыйлай гөр, расында Сен Сыйлаушысын. (3:8)
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Құрандағы Ислам