Everything.kz

Бүгін міне, жолықтырдым жартымды,

Бүгін міне, жолықтырдым жартымды,
Бүгін міне, жолықтырдым жартымды, Өзі сұлу, қылығы да тартымды. Ең бастысы иманы бар жүректе, Шүкірменен бастайтұғын әр күнді. Сіз деп мені сыйлайтыны тағы бар, Кірленбеген ақ парақтай ары бар. Бақыт деген осы болар бәрі айтқан Ешқандайда себебім жоқ, шағынар. Түс көргендей болып жүрмін сенбестен, Шын сезімге беріліп, айырылдым ба әлде естен. Не болса да, мен бақытты екенмін, Күткеннен де, артығына кездескен... Дәл осылай, мысал қылдым көп адамның арманын, Қалаймыз ау, жартымыздың періштедей болғанын. Періштедей болсын десең қасыңдағы жан-жарың, Алдыменен, өзіңде сол періштедей бол жаным. Болғың келсе шын бақытты, кемшілікке қарама, Бір жақсылық, он кемшілік берілер әр адамға. Сол бір жақсы қасиетті қанағат қыл көңілге, Сонда ғана он кемшілік ілінбейді санаға.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Поэзия әлемі ♕