Everything.kz

Жылатпа қызды, сүйе біл оны мәңгіге,

ПҚ❄
Жылатпа қызды, сүйе біл оны мәңгіге, “Ол мені сүймейдi“ деп айту бос әңгіме. Сүйеді сені, сен үшін жүр ғой тырысып, Боянып күнде, киініп әсем сәндіде. Жылатпа қызды, жасына қалып жүрерсің, Ол шексе қайғы ұзамай сенде көрерсің . Қадірін оның тап казір егер білмесең, Қадірін қыздың кеш болған кезде білерсің. Жылатпа қызды, қызың ғой сенің әдемі, Сол қызда тұр ғой дүниенің кең әлемі. Сүйемін десең, сүйе бер оны әрқашан “Сүйемін“ деген сөзіңде тұр уәделі. Жылатпа қызды, адал бол оған бұл күнде, Ойлайды сені ұйқысын бұзып бұл түнде. Iздейді сені, сағынып күнде сарғайып, Еркелет оны “жаным“ деп айтып сол түнде. Жылатпа қызды, көрмесең оны бір апта, Ойлайды сені тағатсыз күнде бірақта. ‘‘Жылатпа қызды‘‘ айтарым саған осы ғой, Сол қызға достым адал боп мәңгі тұрақта.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества ПҚ❄