Everything.kz

ЕТЕККІР (МЕНСТРУАЦИЯ) КЕЗІНДЕ ӘЙЕЛДЕРДІҢ МӘН БЕРУІ ҚАЖЕТ МӘН-ЖАЙЛАР

ЕТЕККІР (МЕНСТРУАЦИЯ) КЕЗІНДЕ ӘЙЕЛДЕРДІҢ МӘН БЕРУІ ҚАЖЕТ МӘН-ЖАЙЛАР Әдетте әйелдер төрт аптада бір мәрте етеккір циклін өткізеді. Бұл орташа алғанда бір аптаға созылады. Етеккірдің физиологиялық мақсаты белгілі, айда бір мәрте ана болудан үміткер әйелдің жұмыртқалық жасушасы жатырға келіп түседі. Жұмыртқа жасушасы ұрықтанған жағдайда жүктілік жалғасады. Ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасы жатырдың шырышты қабықшасында түзілген тінмен бірге етеккірмен сыртқы шығарылады. Сосын жатырдың ішастары кезекті жұмыртқалық жасуша үшін жағдай жасауға әзірлікті бастайды. Әр ай үзбей қайталанатын бұл жайт жатырдың қалыпты қызметі үшін өте қажет. Ана құрсағының бұл қасиеті сәбидің мүлтіксіз дамып жетілуіне бар мүмкіндіктің жасалғанын көрсетеді. Машақаты көп бұл күйдің әйелдердің денсаулығы үшін де пайдасы орасан. Етеккір кезінде әйел өз күтіміне мән бергені жөн. Өйткені жатырдың ішкі тіні ажырағанда қан тамырлары кеңейетіндіктен (Микроб жұқтыру қаупі ұлғаяды.) Соңғы жылдары жатыр және ішкі жыныс аймағының лимфа жүйесіне жасалған зерттеулер етеккір кезінде қан тамырларының кеңеюі жатыр және ішкі жыныс мүшелерінің қорғаныс қабілетін (иммундық жүйенің қызметін баяулататынын) бәсеңдететінін анықтаған. Салқын тиюдің, суықтан тоңудың ақыры лимфа жүйесі қызметінің ауытқуы салдарынан жыныстық аурулардың меңдеуіне әкеледі. (Етеккір кезінде ермен жақындасуға болмайды). Ер адам мен әйел адам ауру-сырқаудан дін аман болса да, жыныс мүшелерінде микробтың ұшырасуы ықтимал. Бұл күйде жыныстық қатынасқа түсу дені сау әйелдің жыныс мүшесінің қабынуына, аналық безі онсыз да қабынған әйелде аурудың одан әрі ушығуына әкеп соқтырады. Етеккір кезінде әйелмен жыныстық қатынасқа түсу денедегі ашық жараға қол тигізумен, қолды жумай операция жасағанмен бірдей. Сондай-ақ жатыр тесігі (араны) мен мойнының эрозиясы (И: эрозия шейки матки) көбіне әйелдің етеккір күйі толық бітпеген тұста жақындасу салдарынан болады. Соңғы жылдары жатырдың лимфа жүйесіне, жатыр тесігі мен мойнының сыртқы қабатына, яғни ішастарына ерекше мән берілуде. Өйткені мұндағы болмашы немқұрайдылық көптеген шешуі жоқ мәселелерге душар етеді Әйелдің жыныс аймағына атүсті қарауға жол берілмейді. Мұндағы негізгі мәселенің бірі етеккір кезінде жатыр мен жатыр мойнының шырышты қабатының гармондық өзгерістерге байланысты байланысты жасушалық өзгерістерге ұшырауы. Бұл кезең жыныстық бездердің (гармондардың) ерекше белсенді кезеңі. Сол үшін сырттан кез келген килігу, мейлі ол жыныстық қатынасқа түсу болсын, мейлі суық тиюі болсын, жатырдың эпителийінде орны толмас өзгерістер тудырады. Мұндай шалт қимылдың нәтижесі кейін келе көзге түседі. (Сондай-ақ, етеккір кезінде әйелдерге салқын немесе ыстық сумен емес, жылы сумен жуыну қажет). Салқын сумен жуынғанда онсыз да әлжуаз ағзаға суық тию қаупі бар, қасағаны салқын сумен тазалағанда әйелдің сыртқы жыныс аймағы қабынып, микроб жұғу қаупі бар. Оның үстіне салқын су етеккірдің уақытынан бұрын шұғыл тыйылуына себепші болады. Ыстық су қан кетуді одан әрі күшейтуі ықтимал. Етеккір кезіндегі гигиена тек әйелдерге қатысты болмауы керек. Тұрмысқа шыға қоймаған жас қыздар да бұған жеткілікті көңіл бөлуі тиіс. Ерте жастан бойын күтіп үйренген қыз баланың денсаулығы да ерте сыр бермесі анық. Етеккір кезінде әйелдер мен жас қыздар шаршап-шалдығудан аулақ болғаны жөн. (Жыныс аймағы шаншып ауырса, етеккір қалыпты жағдайдан аз немесе көп келсе, уақыт өткізбей гинеколог-дәрігерге қаралғаны дұрыс). Әйел адам жалпы алғанда етеккір кезінде суық тигізуден, көп жүруден, атқа мінуден немесе вилосипед тебуден, аяқ педалімен тебетін тігін машинасына отырудан, ұйқысыздықтан сақтану керек..
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Қыздың құпиясы ♕