Everything.kz

Қарадан шыққан хан Тоқтамыстың зираты

Қарадан шыққан хан Тоқтамыстың зираты
Қарадан шыққан хан Тоқтамыстың зираты Атығай-Бағыс руынан, Серкеш тармағыннан шыққан Тоқтамыс Жанұзақұлынын зираты ескі картада (Специальная карта Западной Сибири) Қалибек көлдың (СҚО, Тайынша ауданы) жағасында көрсетілген. Тоқтамыс атақты би, аға-сұлтан болған кісі, халықтың ішінде "қарадан шыққан хан" аталған. Тоқтамыстың інісінің Төбеттың зираты Алабота (СҚО, Тайынша ауданы) жақта көрсетілген. Тоқтамыс бидің баласы да Маңдай аға-сұлтан болған, ол кісі қазіргі Қызылтан ауылының (Ақмола облысы, Зеренді ауданы) маңайында жерленген. Тоқтамыстың немересі Кәкен (Тоқтамыс-Жандай-Кәкен) Омбы жақта жерленген (Ресей, Омбы облысы, Шарбақ көл ауданы). Кәкеннің баласы Хасен көп жыл Омбы (Баба-Бағыс) болысты басқарған. Марқұмдардың жандар Жәннатта болсын, жатқан жерлері жарық болсын. https://geoportal.rgo.ru/catalog/topograficheskie-karty/specialnaya-karta-zapadnoy-sibiri-m-1420-000?items_per_page=100
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Қазақстан тариxы | История Казаxстана