Everything.kz

Пахлава 😊 Оқымай тұрып тез-тез лайк бас😍💖 • ✅

Пахлава 😊 Оқымай тұрып тез-тез лайк бас😍💖 • ✅
Асхана
Пахлава 😊 Оқымай тұрып тез-тез лайк бас😍💖 • ✅ Қамыр: ⚫қаймақ 250мл ⚫Жұмыртқаның сарысы 4дана ⚫Сары май 300г ⚫Қант 250г ⚫Ұн 800г (одан көп болмауы керек) ⚫Сода 1/4 ш.қ. ⚫Тұз Салмасы: ⚫Грек жаңғағы 450г ⚫Жұмыртқаның ағы 4дана ⚫Қант 300г Сироп: ⚫Стақан су (шамамен 200мл) ⚫Стақан қант ⚫Бал 3а.қ. Қамырдың арасын майлау үшін 150г сары май мен 2 жұмыртқа қажет болады. Дайындалуы: қамыр: сары майды микротолқынды пеште ерітіп аламыз. Ыдысқа қаймақ пен жұмыртқаның сарысын саламыз. Еріген майды қосып, араластырамыз, қант қосып, тағы да араластырамыз. Тұз/сода қосамыз, араластырамыз. 800г ұнды қосып(одан көп болмауы тиіс) қамыр илейміз. Целлофанға немесе плёнкаға орап, 30 минутқа тоңазытқышқа қоямыз. салма: жұмыртқаның ағы мен қантты миксермен араластырамыз. Грек жаңғағын блендермен немесе оқтаумен ұсақтап, қоспаға саламыз, бәрін араластырамыз. Сироп: Табаға(сотейник) су, қант, балды салып, қайнатамыз. Сиропты паxлава дайын болуға 15 минут қалғанда жасау керек. Дайын болуға 10 минут қалғанда паxлаваға сиропты құйып, қайтадан пешке саламыз. Қамырды тоңазытқыштан алып, бөліктерге бөлеміз(менде 7 бөлік шықты). Екеуі қалғандарынан сәл жуандау болу керек(төменгі және жоғарғы қабатына). Әр бөлікті дөңгелетіп, табаның формасына келетіндей етіп ысамыз. Алғашқы екі қабатына салма қоспаймыз, әр қабатты еріген маймен жақсылап майлаймыз. Салманы біркелкі етіп саламыз. Соңғы қабатын қойған соң, бетіне екі жұмыртқа жағамыз. Үстіңгі жағын ромб формасында кесіп, әр ромбқа грек жаңғағының жартысынан қойып шығамыз. 160градусқа дейін қызған пеште (дуxовка) 35/40 минут пісіреміз, уақыт өткен соң пештен шығарып, сироп құямыз. Содан кейін пеште тағы да 10 минут пісіреміз. Табадан суыған күйінде аламыз. Бөліктеп кесіп, дастарxанға қоя беруге болады. Астарыңыз дәмді болсын😍😛💗
Лучшая подборка на AliExpress, специально для тебя!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Асхана