Everything.kz

Етті бәліш немесе "беляши"

Етті бәліш немесе "беляши"
Асхана
Етті бәліш немесе "беляши" – 1 жарым стакан сүт – 1 құрғақ ашытқы – 1 ас қасық қант – 1 ш.қ. тұз – 50 гр сұйық май – 2 жарым стакан ұн ішіне: – 500 гр майлы фарш – 1 үлкен пияз – тұз – қара бұрыш Жылы сүтке ашытқы мен қант қойып үстін 10 минутқа жауып қойыңыз. Ашытқы ашып көтерілуі керек. Көтерілген ашытқы ішіне тұз, май мен ұн қосып жұмсақ, сұйыққа жақын қамыр жасаңыз. Үстін жауып жылы жерге 30 минутқа қойыңыз. Қайта илеңіз. Керек болса ұннан қосыңыз, қолға жабыспайтын жұмсақ қамыр болуы керек. Пиязды майдалап тұрап, аз майға қуырыңыз. Шикі фаршқа қосыңыз да тұз бен бұрышпен дәмдеп араластырыңыз. Көтерілген қамырдан жұмыртқа үлкендігінде майда зуалаларды жасаңыз. менде тура осы өлшеммен 20 зуала шықты. Әрқайсысың қолмен жұқалаңыз да, арасына еттен қойып, ортасына тесік қалдырып жартылай жабыңыз. Таба ішінде қыздырылған майға тесігі бар жағымен салып үсті-астың қызартып пісіріңіз. Піскен бәліштердің үстін майлықпен жауып суытыңыз!
Лучшая подборка на AliExpress, специально для тебя!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Асхана