Everything.kz

Көтере алмай жалғыздықтың салмағын,

Көтере алмай жалғыздықтың салмағын,
Көтере алмай жалғыздықтың салмағын, Артқа тастап қиындықтың тармағын. Өмір деген қия жолдар арқылы Тағдырымды тағдырыңа жалғадым. Биік болды сен дегенде талғамым, Сол биіктен тек өзіңді таңдадым. Өлшенбейтін маxаббатым арқылы Тағдырымды тағдырыңа жалғадым. Өзіңменен алыстарға самғадым, Арманымды арманыңа қамдадым. Өзіңді ылғи сүйіп өту арқылы Тағдырымды тағдырыңа жалғадым. Сен боларсың бәлкім менің бар бағым, Бұл өмірден тапқан жаным жан-жарым. Салмасыншы өмір бізге салмағын, Тағдырымды тағдырыңа жалғадым. Әрқашанда қасымда бол, бал бағым, Ешқашанда жамандыққа бармағын, Маxаббаттың тылсым күші арқылы Тағдырымды тағдырыңа жалғадым. Сені іздеп түрткүл дүние шарладым. Қаламадым біреу аяқ шалғанын. Тағдырымды тағдырыңа жалғадым Жан-жарым сол, Құдай бере салғаным. Мен болайын - аманатың зор бағың, Сен боларсың қолдау тапқан қорғаным. Қабырғаңнан жаратылған қисық боп, Тағдырымды тағдырыңа жолдадым... Жұлдыз Даулетбекқызы - Тағдырымды тағдырыңа жалғадым
Лучшая подборка на AliExpress, специально для тебя!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев