Everything.kz

Бәрінен шаршадым...

Бәрінен шаршадым...
Бәрінен шаршадым... Мезгілсіз соққан дауылдардан, Өтірік-жалған "бауырлардан", Алау боп аққан жаңбырлардан, Үздіксіз қаққан дабылдардан... Бәрінен шаршадым... Өтірік сыртқа қарап күлуімнен, Еңсемді тік көтеріп жүруімнен. Ащы шындық-жағдайды білуімнен, Жоқ бақытпен өмірді сүруімнен. Бәрінен шаршадым... Әлсіреген жүрегімнің дүрсілінен, Іштей жылап қынжылып-күрсінуден, Балдай тәтті жалғаннан басты тартып, Удай ащы шындыққа түршігуден. Бәрінен шаршадым... Терең ойға тұншығып батқанымнан, Әр-бір таңым қиындықпен атқанынан, Әр-бір күнім қиындықпен батқанынан, Жүрегім удың дәмін татқанынан. Жалған достар сырттай күліп бұл жанымды Жан-жақтан талап-жаншып жатқанынан... Шаршадым күнде жалған күлкілерден, Сол күлкіден көкте күнім күркіреген, Шаршадым, күші мықты "арыстаннан" Шаршадым, арам-пиғыл "түлкілерден". Шаршадым екіжүзді адамдардан, Мезгілсіз әр басылған қадамдардан. Күнде өтіп жүретін алаңдардан, Тыныштық бер жаныма адам маған. Адам сонша қатты тастан жаралмаған, Эх, адамдар әділдікке бара алмаған, Тыныштық бер осымен бітсін бәрі, Демалайын, жаныммен жараланған.... // Бақытгүл Хайдарбек - Бәрінен шаршадым...
Лучшая подборка на AliExpress, специально для тебя!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев