Everything.kz

Сенесіз бе?

Сенесіз бе?
Сенесіз бе? Сағындым, Сізді көрмей… Үмітіммен күй кештім үздігердей. Сізді әйтеуір жаныма жақын тұтам, Бәлкім, жақсы көрерсіз күзді мендей?! Мен білмеймін. Сезімді кештік нендей? Бірақ бізге бір бақыт кеш біткендей, Сағынуға, сүюге бола ма екен, ҮНІН, ӨЗІН... Адамның естіп… Көрмей… Мүмкін, сізді көрдім мен… Бірақ қашан? (Болған іске болды әсте кінә артпасам) …Жаныңызда жүргендей сезінемін, Жаныңыздан не болам, жырақтасам? Білесіз бе, Сіз сирек хат жазасыз? Содан менде жиілеп сәт мазасыз, Ауыр ойдан қаламын арыла алмай, …Ал сіз ше? Тап-тазасыз! ...Бүгін жаңбыр. Мейлі, аспан төксін жасын, Жалғыздықтай жалғанда жоқ сырласым. Неге екенін білмеймін, Сіз дегенде, Кешірімшіл әйтеуір кекшіл басым. Қалқаман Сарин - Күзгі хат...
Лучшая подборка на AliExpress, специально для тебя!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев