Everything.kz

Бүгін Мұқағалидің туған күні!

Бүгін Мұқағалидің туған күні!
Бүгін Мұқағалидің туған күні! Мұқағалиға Әлмисақтан дарыған Тәңірімнен, Мен де Сіздей ауырғам кәрі мұңмен. Түнектерді жүректен қуалаймын, Ішімдегі алапат жарығыммен! Кеш арайлы, жарықсыз таңым бірде, Мазақтайды көшеден сағым күнде. Діңім қатты болғанмен өмірімде, Қаттылыққа көнбейді жаным мүлде. Періштенің естіліп әні бірде, Шағылысып тұрады тәні Күнге. Сізге шашқан өлеңнің ұшқындары, Қанатында қалыпты әлі күнге. Өлеңімнің байланып бағы түнге, Тағдырымның қашалар табы түрде. Сізге түскен өлеңнің бір парасын, Сыйлайды екен Тәңірім тағы кімге? Бағы бірге болғанның соры бірге, Соры бірге болғанның жолы бірге. Сізден қалған елестер көз алдымда, Сізден қалған сезімдер көңілімде... Айналарын білген соң бары күлге, Жаңа бүршік бас иер кәрі гүлге... Сүймесе де бұл өмір өз ақынын, Ақын оны сүйеді бәрібір де!
Лучшая подборка на AliExpress, специально для тебя!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев