Everything.kz

Махаббат деген

Махаббат деген
Махаббат деген Махаббат деген-не өзі? Деді,бір топ таласа. Тындап қалдым абайсыз, Сөздері бос далбаса. Бірі айтты ақша деп, Сезімді сатып алатын. Салып алып қалтаға, Түрлі қызға баратын. Бірі айтты сөз бөліп, Махаббат деген далбаса, Шын болса неге қосылмат, Қозы-Баян жараса? Махаббат деген-интернет, Деді,біреу ойланбай. Сұлыу қыздың түрі бар, Тең келмеген күн мен ай. Махаббат деген-ол сезім, Деді,соңғы бір жігіт. Достары оны түсінбей, У-шу болды дүрлігіп. Айтшы қане онда деп, Мазақ қылып,тұр күліп. Айт десеңдер айтайын, Тыңдан деді үңіліп. Махаббат деген білсендер, Бағып-қаққан ата-анаң. Осы күнге жеткізіп, Қалдырмаған қатардан. Махаббат деген-достарың, Бірге күліп,бір жүрген. Достарыңның махаббатын, Табалмайсын еш жерден. Махаббат деген-жан-жарың, Өзің барып таңдаған. Базар қылып үй ішін, Ұрпағыңды жалғаған. Махаббат деген-табиғат, Құлпырып әркез жайнаған. Айтыңдаршы бұларсыз, Өмір сүрген қай бабаң. Махаббат деген болады, Бір жапырақ жүректе. Ойланыңдар сондықтан, Сөйлей бермей құр текке. Деді жігіт осылай, Сөзін лезде аяқтап. Махаббатты жоқ демен, Ұрсада біреу таяқтап. Мұқағали,Абай да, Махаббатты жырлаған. Махаббатсыз ешкімнің, Ешқашан жолы болмаған.
Лучшая подборка на AliExpress, специально для тебя!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев