Everything.kz

КИЕЛІ 7 САНЫ

КИЕЛІ 7 САНЫ
КИЕЛІ 7 САНЫ Жеті жетекші: 1. Адамның басшысы – ақыл, 2. Жетекшісі – талап. 3. Жолаушысы – ой. 4. Жолдасы –кәсіп. 5. Қорғаны – сабыр. 6. Қорғаушысы – мінез. 7. Сынаушысы – халық /Саққұлақ би/. Жеті ғашық: 1. Ләйлі –Мәжнүн 2. Фархад –Шырын 3. Таһир –Зуһра 4. Арзу –Қамбар 5. Уәлік –Ғарра 6. Уәки – Күлшаһ 7. Жүсіп –Зылиқа Жеті шәріп /Жеті әулие/: 1. Меке шәріп 2. Мәдина шәріп 3. Бұхар шәріп 4. Шам шәріп 5. Қатым шәріп 6. Құддыс /Мысыр/ шәріп 7. Кәләм шәріп /Құран/. Жеті қазына: 1. Ер жігіт 2. Сұлу әйел 3. Ақыл, білім 4. Жүйрік ат 5. Қыран бүркіт 6. Берен мылтық 7. Жүйрік тазы. Жеті ғалам: 1. Шығыс 2. Батыс 3. Оңтүстік 4. Солтүстік 5. Аспан /жоғары ғалам/ 6. Жер /орта ғалам/ 7. Жер асты /төмендегі ғалам/ Жеті күн: 1. Бүгін 2. Ертең 3. Бүрсігүні 4. Арғы күн 5. Ауыр күн 6. Соңғы күн 7. Азына 1. Дүйсенбі 2. Сейсенбі 3. Сәрсенбі /сәтті күн/ 4. Бейсенбі 5. Жұма /қасиетті күн/ 6. Сенбі 7. Жексенбі. Жеті жұт: 1. Құрғақшылық 2. Жұт /мал қырылу/ 3. Өрт 4. Оба /ауру/ 5. Соғыс 6. Топан су 7. Зілзала Жеті жоқ: 1. Жерде өлшеуіш жоқ 2. Аспанда тіреуіш жоқ 3. Таста тамыр жоқ 4. Тасбақада талақ жоқ 5. Аллада бауыр жоқ 6. Аққуда сүт жоқ 7. Жылқыда өт жоқ. Жеті жетім: Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім, Иесіз қалған жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім, Аққу-қазсыз көл жетім, Замандасы қалмаса- Бірінен де сол жетім. Жеті ата: 1. Бала 2. Әке 3. Ата 4. Арғы ата 5. Баба 6. Түп ата 7. Тек ата. Жеті қат көк: 1. Ай 2. Күн 3. Шолпан 4. Есекқырғын /Меркурий/ 5. Қызылжұлдыз /Марс/ 6. Сатурн 7. Мүштәри /Юпитер/. Жеті амал: 1. Күннің тоқырауы 2. Қарашаның қайтуы 3. Үркердің батуы 4. Мұздың қатуы 5. Киіктің матауы 6. Қыс тоқсан 7. Ай тоғамы.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев