Everything.kz

Ойнайтын басқа ойыншық іздеңдер!

Ойнайтын басқа ойыншық іздеңдер!
Ойнайтын басқа ойыншық іздеңдер! ⠀ Орамалды киіп шешіп мазақ қылып жүргендер көп бұл күнде. Сәл Қияметті естеріңе салайын! Халықты өздеріңе бір қаратып жандарың рахат тапты ма? Сендер үшін орамал оқырманды шыбынша үймелететудің құралы болды ма? Біле білсеңдер, ол - Алланың парызы, Раббымыздың бұйрығы. Ал сендер Алла парыз еткен орамалды жәй ғана шүберек көріп бір киіп, бір шешіп жүрсіңдер. ⠀ Айтқым келмеп еді, бірақ айттым... Менің айтқанымды оқығың келмесе де оқы, нәпсің қабылдамаса да ақылың бар шығар... ⠀ Қоғамдағы Алланың дінін өздерінің арам мақсаттарына пайдаланып жүргендер, Алладан қорқыңдар! Орамалды ораудың сауабы қаншалық үлкен болса, оны қайта шешудің күнәсі де зор болмақ. Қайталап айтам, Алланың парызы - ойыншық емес. Өтініш, халықты ду еткізіп, арттарыңнан өсекті гу еткізу ниетінде дінді қолшоқпар етпеңдерші. Сендердің себептеріңмен орамалдың қадірі қаншалық түсіп жатқанын ойландыңдар ма? Әй, қайдам... Мақсаттарың арттарыңнан өздерің сияқтыларды ергізу ғана ау... Басқа ешқандай салиқалылық байқағам жоқ. ⠀ Ақыры шешетінің бар, неге орадың? Өзекті өртеген күйініш қой сол.. Сендейлер себепті қанша жан орамал қадірін жоққа шығаруда. Көтере алмайтын шоқпарды белге байламау керегін жақсы білесіңдер. Ендеше, бастан сырғып түсіп қалатын орамалды да басқа орардан бұрын жақсылап ойлану керек еді. ⠀ Алланың әмірлерін бұлайша ойыншық етуге ешкімнің де құқығы жоқ. Өздеріңді тренд ету үшін орамалды уақытша бренд етпей-ақ қойыңдар. Егер түпкі ниет атақ болса, ол жолда Алла парыз еткен орамалды қорламаңдар. Орамал құнын өз құндарың сияқты деген ойдан аулақ болыңдар! Соңғы сөзім: «Орамалды киіп-шешіп хит боламын деп, өлер шағыңда ит болып кетіп жүрме!» Бауыржан Хусаинов.
Лучшая подборка на AliExpress, специально для тебя!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Неке ♡ Қазақстан ✔