Everything.kz

Мен сондаймын.

Мен сондаймын.
Мен сондаймын. Мінезімнен сорлаймын. Өзімдікі болғанынша қоймаймын. Әй, мен осы оңбаймын... Оған қоса, қырсықтығым тағы бар, Шыдамсызбын болмас мұңға салынар. Үндемеспін, жүріп-жүріп жарылар, Бірақ маған шыдағанның бағы бар. Мен сондаймын, Теңізден де, мұхиттан да мол қайғым. Мұңайып ап себепсізден себепсіз, Жүрегімді қорлаймын. Өмір жолақ — қарасы мен ағы бар, Жолдарым көп сапасы жоқ, саны бар. Сүрінгішпін көз тисе де шалынар, Бір бейбақпын қасық суға малынар, Бір пендемін шығар-шықпас жаны бар. Мен сондаймын, Қырсығуды қоймаймын. Қырсық мінез өміріме қырсығам, Барлығын кеш ойлаймын. Мен сондаймын. Сөйлемеймін, адамды жалықтырам, Өз өзімнен жаңылып ауып тұрам. Қызығы, қанша жолдан адассам да, Өз жолымды тауып тұрам. Мен сондаймын. Қай-қайдағы нәрселерді ойлаймын. Ұйықтаймын деп түнде ерте жатып ап, Кірпік қақпай сан қиялға бойлаймын. Мен сондаймын. Сүйіп қалсам қызғанып күйіп-ісем, Мен бұрыннан күйікті сүйіп ішем. Қолым жетпей жатып-ақ иемденіп, Қара түннен басыма зар үйіп түсем. Сүйгенімнің көрсем көзін ән қылып, Көңілденем, мәз боламын паң күліп. Сағынамын қара аспанды таң қылып, Сүйсем іштей сүйіп қалам мәңгілік. Мен сондаймын, сондаймын... Авторы: Нұрбек Бекұлы
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев