Everything.kz

Бүгіннен бастап бəрін біртіндеп өзгертуге тырыс.

Бүгіннен бастап бəрін біртіндеп өзгертуге тырыс.
Бүгіннен бастап бəрін біртіндеп өзгертуге тырыс. 📌Ерте жатып, ерте тұр. Бұл сенің жүйкеңді тыныштандыратын болады. Дене бітіміңді қалыпты түрде ұстайды. 📌Өзіңді құрметте. Жақсы көр. Сыйла. Себебі сен адамсың. Өзіңді құрметтеп, жақсы көрсең, сағанда бəрі ынтық болады. 📌Күнделікті 1 литр қайнаған су ішуге тырыс. Ол өте пайдалы.🍃 Ағзаңды тазартады. Сені ширақ ете түседі. Дене бітімді ретке келтіреді. 📌Қолың бос кезде телефонмен шектелме. кітап оқы, үй жина, тəтті тағамдар жаса. Уəдем уəде, бұл істер сені жақсы сезіндіреді. Телефонға ғана қарап қалған адам, басқа жанның өмірін ақтарып, өзінің өмірін жеккөрінішпен өткізе бастайды. Ал оның арты суицидке әкеледі. 📌Өзіңді дамытуға тырыс; сурет сал, би биле(жалғыздықта билесең өз икеміңді қалпына келтіресің), əн айт(сені халық тыңдағандай), өнерге қарай тартыл.( қазағымыздың қасиетті домбырасынан шертіп үйрен) 📌Күнделікті өзіңмен айналыс. психологиялық кітаптар оқып, мінезіңді жөндегенің жөн. Былапыт сөздерді біртіндеп жой. Еш жерге шықпасаңда, келбетіңе мəн бер. Шашыңды күтіп ұста. Бетіңе арналған табиғи заттар жағып, нəзіктене түс. 📌Қоғамда өз орныңды жоғалпа. Бұл деген өзіңді басқа жандарға сыйлата білу. Демек, өзіңді неғұрлым жақсы көріп биік ұстасаң, оларда сені сыйлайды. Биік ұстау сөзін, өзінше болу деген сөзбен шатыстырма! Тек жай ғана өзіңді сыйласаң, сені өзгелерде сыйлайды. 📌Айналаңдағы адамдармен қарым-қатынасты түзе Ата-анаңа жылы сөйле, оларға жақсы көретініңді айт. Іні-сіңілілеріңе қамқор болып, оларға ұрыспай, түсіндіруге тырыс. Достарыңды сыйла, құрметте, əлпеште. Ертең сенде жоқ болған сəтте олар əрқашан қол ұшын созатын жандар. Осы ережені күнделікті қайталасаң, өмірің айтарлықтай жақсы жаққа бұрылатын болады🌸🐾 Енді тек қана нәтижесін күту ғана қалды.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев