Everything.kz

Бөрі жайлы деректер! Қазақ жігіттері оқысын!

Бөрі жайлы деректер! Қазақ жігіттері оқысын!

Is Covid Pandemic Over?

Бөрі жайлы деректер! Қазақ жігіттері оқысын! 1. Қасқыр ешқашанда екі рет жұп құрмайды . 2. Терісін тірідей сойып іреп алсаң да "қыңқ" деп қыңсылап дыбыс шығармайды. 3. Қаншығы яғни құртқасы өмірінде бір-ақ рет бөлтіріктейді. 4, Күшік кезінен асырасаң да ешқашанда құйрығын бұлғаңдатып еркелемейді. 5. Иттің иесі болғанымен, бөрінің Тəңірісі бар! 6. Қасқырды тек иттің сырттаны ғана алады. Басқалары қасқырдың иісін сезсе, көрсе жанын қоярға жер таппай қыңсылап, дірілдеп үйге қашып кіреді. 7. Жазда тауға, қыста жазыққа ұмтылады. 8. Бөлтіріктесе, жанындағы елді мекендердің малына шаппайды. 9. Қазақ қасқырдың атын атамаған. Ит-құс деп атаған! 10. Қасқырды терісінің жасалған ішікті жас жігіттерге кигізбеген: белсіздіке ұшырайды деп. 11. Қасқырды ішігін жамылып бораннан өзі аман қалса, қасындағы серігі өлсе – толық құн немесе жарты құн төлеген! Өйткені қандай боран болса да қасқырдың ішігін жамылған адамды суық боран ала алмайды. 12. Қасқырдың терісінің үстіне 1-2 сағат бөстек қылып отырсаңыз, күні бойы денеңіз қызып жүреді. 13. Терісінен ұлтарақ жасап, аяқ киімге салсаңыз, табаныңызадан еш уақытта суық өтпейді! 14. Қазақ бөріні киелі деп, пір тұтқан! 15. Қазақ халқы сонау көне заманнан байрағына, туына, жалауына көк бөрінің бейнесін бейнелеген! 16. Қасқырдың жүрегімен баланы ауыздандырса, ол бала қасқырдай алғыр əрі тегін болмайды! 17. Қасқырдың тісін, тырнағын, т.б.нəрселерін адам баласы бойтұмар қылып тағып жүрсе, тіл-көз, басқа нəрселер ала алмайды! 18. Түсінде көк бөрі көрген жүкті əйелдер Текті ұл босанады! 19. Қасқырдың саңғырығы яғни нəжісі жатқан жерге бұралқы иттер жоламайды! 20. Қасқырдың қаншығы ешқашанда кеудесінде жаны барда қолға түспеуге тырысады. Жараланғанда, оқ тигенде өзінің бөлтірік туар жерін қауып, жұлмалап тастайды. 2. Қасқыр сырттан туатын итті немесе қасқыр алатын күшікті аңдып жүріп өлтіруге тырысады, оларда осындай сезімталдық бар! 22. Қасқыр еш уақытта иттің күшігін бауырында баспайды. Ал ит қасқырдың күшігін бауырына баса береді. Қазақ Тектілері əр түрлі жағдайларға байланысты кейбір азаматтардың нағашысының қолында болып, кейін өз жұртына келсе "итемген" – "сүтемген" деп атаған яғни екі киелі əруақты емген деп атаған! 23. Қасқырдың тісі тиген мал яғни қасқыр талаған, қайта қатарға қосылмайды деп сойып тастаған! 24. Ит қасқырдан туатын болса, қасқыр алатын төбет туады! 25. Қасқырдың асығы мен иттің асығы бір-біріне ұқсамайды! 26. Ұйлыққан қасқырға Қазақ баласы аңға шықпаған яғни атпаған! Өршеленіп кетеді деп! Жазатайым атып қалса, екеуін де атып алуға тырысқан! Өйткені біреуі аман қалса, сол күннен бастап сол ауылдың мал-жанына шабуыл жасаған. Атқан аңшының малынан бөлек бала-шағасын қырып кетуге тырысқан! 27. Қасқырдың терісін илеп, қанша қайнаған суға бірнеше рет салсаңыз да өзіне тəн исі ешқашанда жоғалмайды! 28. Өмірінде қасқыр аулап алған, атып алған адам-аңшы иен далада немесе таулы орманда, жазық жерде болсын, қай жерде болса да қасқыр көзінен таса болмайды, өмір бой аңдып өтеді! 29. Қасқырды Қазақ халқы ешқашанда азаптап өлтірмеген! Киесінен қорыққан! Құрметтеген! Егер де азаптап өлтірсе, жаманшылық ұшыраған немесе ұрпағына зиян келген! 30. Қасқырдай айлакер, ұйымшыл, ақылды жыртқыш жоқ өмірде! 31. Қасқыр қыста боранды күндері 100 шақырымнан астам жортады! 32. Аңшылар қасқыр аулауға шыққанда мылтығының ұңғысының аузын жауып қоятын болған! Өйткені неше шақырымнан болса да мылтықтың исін сезіп қояды! 33. Қазақ халқы бөлтірігін өлтіруге обалсынып апанның алдында бөлтіріктерінің тілерсегін қиып кеткен! Ондай бөлтіріктерін қасқырлар басқа жаққа алып кеткен! Қайта малға шаба алмаған яғни жарымжан болып шойнаңдап қалған!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев