Everything.kz

Бабалар осылай атаған (ежелгі жер, су, ел-жұрт аттары)

Бабалар осылай атаған (ежелгі жер, су, ел-жұрт аттары)
Бабалар осылай атаған (ежелгі жер, су, ел-жұрт аттары) Мысыр - Египет, Шам (Шағам) - Сирия, Дамшық - Дамаск, Бейжін - Пекин, шын - Қытай елі, шүршіт - қытайлықтар, Машын - Үндістан, Шын-Машын - Үнді-Қытай, Бұланай тауы - Гималай, Афрасияп - Самарқанд, Қап (Қойқап) - Кавказ тауы, Шаш (Шашкент) - Ташкент, Үрім - Кіші Азия, мағұріп - батыс жақ, мәшүріп - шығыс жақ, Бабыл - Вавилон, Құддыс - Иерусалим, Кінған - Палестина, Сарандил - Цейлон, Ямен - Йемен, Итжеккен - Сібір, Ібір-Сібір - Сібір елі, Гүржістан - Грузия, юнан - грек елі, Төмен - Тюмень, Омбы - Омск, Аштархан (Хажы-Тархан) - Астрахань, Сарытау - Саратов облысы, Ірбіт - Иркутск, Жаманқала - Орск, Күлзім дариясы - Қызыл теңіз, Оман дариясы - Үнді мұхиты, Терең өзен - Днепр, Азау - Азов теңізі, Мажар - Венгрия, мадияр - венгерлер, Ғажам жұрты - Африкалықтар, қызылбас - ирандық, кәріс - корей халқы, зәңгі - негр, сарт - тәжік, естек - башқұрт, жөйіт, жебірей - еврей, қарашекпен - орыс мұжығы, кәпір - дінсіздер, Тұран - Орта Азияның жалпы атауы, Түркістан - Орта Азия және Қазақстанның ежелгі атауы, Дешті Қыпшақ - ерте замандағы қазақ даласы, Көктеңіз - Балқаш көлі, Хазар теңізі - Каспий теңізі, Аспантау - Тянь-Шань, Фараб - Отырар, Жиделі Байсын - қазақ ұғымындағы ел-жұрты жұтамайтын киелі, бай жер, Қызылжар - Петропавл қаласы, Жейхун - Амудария, Сейхун - Сырдария, кент - қала, Тұзкент - Павлодар, Теке - Орал, Үлбі - Өскемен
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев