Everything.kz

Үйге атпен шаппа - жау таяп қалғанда не өлімді хабарлағанда ғана болатын жағдай.

Үйге атпен шаппа - жау таяп қалғанда не өлімді хабарлағанда ғана болатын жағдай.

Is Covid Pandemic Over?

Үйге атпен шаппа - жау таяп қалғанда не өлімді хабарлағанда ғана болатын жағдай. Жасы үлкеннің алдын кеспе, сөзін бөлме, бұл - құрмет. Бас киіммен ойнама, біреуге сыйлама - қонған бақтан айрыласың, басың бірікпейді. Ошаққа су құйма - өз отыңды өзің өшірме. Бос бесікті тербетпе - ұрпақсыз қаласың. Жылқының құйрық, жалын күземе - тұл қалғанның белгісі. Малды басқа ұрма, теппе - ырысыңнан айрыласың. Кешқұрым ұйықтама - жын-пері көшетін кез. Айға қолыңды шошайтпа - қасиетті. Жерге түкірме - Жер - Ана, анасының бетіне ешкім түкірмейді. Нанды баспа - киесі ұрады. Түнде суға барма - су перісі қағуы ықтимал. Екі бүйіріңді таянба - қайғы, қасірет белгісі. Бөгде адамнан "қайда барасың?" деп сұрама - көргенсіздік. Жай отырып уһілеме - уайым, қайғы шақыру. Қолыңды төбеңе қойма - дүниеден безіну. Табаныңды тартпа - бейнет шақыру. Өтірік жылама - құдай шын жылатайын десе қиын емес. Табалдырықта тұрма - суыт хабар жеткізгеннің белгісі, төр - киелі, табалдырық ұнамсыздау орын. Кісіге қарап есінеме - əдепсіздік.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев