Everything.kz

ТЕРІСКЕЙГЕ ЖОРЫҚ. ҰЛЫ КӨШ 2021.

ТЕРІСКЕЙГЕ ЖОРЫҚ. ҰЛЫ КӨШ 2021.
ТЕРІСКЕЙГЕ ЖОРЫҚ. ҰЛЫ КӨШ 2021. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАН ҚҰЮ МӘСЕЛЕСІ Ұлтшылмын, ұлтжандымын және патриотпын деген Қазақтарға ҮНДЕУ! Ағайын, күні бүгінге дейін «өзім істей алмайтын» дүниеге ешкімді үгіттеп, үндеген емеспін. Алайда, бұл жолғы шаруаның мәні де, жөні де, жолы да бөлек. Ел үшін деп пернетақтаны қоймай сабалап, көсілте жазба жазғаннан пайда жоқ. Бірақ еліміздің теріскейіне қан бітіріп, солтүстік даласындағы қазақтың санын көбейтіп, босап қалған ауылдарды ел-жұртпен қамтамасыз етуге бір мүмкіндік болып тұр. Қапыда қалмайық. Қысқасы, мен осы фейсбукта оқитын ағайынның ішінен өзгерісті, жаңалықты қалайтын, ел үшін пайдалы іс қылуға ниетті жұртқа — жиналып, Солтүстіктегі бір ауылға көшуді ұсынамын. Барып жандандырайық. Адам санын көбейтіп, бір ауылды көтеріп, көркейтейік. Бәсекеге қабілетті қылып, өзіміз аңсаған қоғамды өз қолымызбен жасайық. Елге аса танымал ауыл «Жыландыны» көтерген Бауыржан Оспанов, «Нағи Илиясов», «Родина» ауылдарын дамытқан ағалар секілді, біздің де қолдан келеді деген ойдамын. Бастысы ниет пен еңбек! Сол ауылды көтеру, көшіп келгендерді жұмыспен қамту мақсатында ауылды жерге сай тері, жүн өңдеу, сүт өнімдерін шығару деген секілді нақты он стратегиялық бизнес-план жасап, әкімшілікпен бірігіп жұмыс жасаймыз. Адам саны көбейе бастағанда үкіметке жаңа емхана, жаңа мектеп салдыртып аламыз. Балабақшалар соқтырып, балаларға үйірмелер ұйымдастырамыз. Менің де ұл-қызым бар, жақсы үйірмелерге бергім келеді. Бірақ мүмкіндік жоқ, сол себепті неге сондай дүниелерді өзім ұйымдастырмаймын деген ой келді. Бір ғана мысал, осы фбдағы достығымда бір білімді информатик, ай ти маман бар. Менің балаларымды үйретесің, үйірме ашып береміз деп қолқалап жүріп көшуге көндірдім. Бір таныс спортшы жігіт бар, кезінде облыс чемпионы болған, қазір басынан бағы тайып күзетші болып жүр, соған теріскейден бір ауыл қолдан жасап содан мықты спортсмендер шығарайық деп едім, қуана келісті. Қысқасы осы жерде де үлкен армандары бар бірақ орындауға мүмкіндік таппай жүрген адам жетерлік. Тәуекел, кетемін дегендер менімен жүріңдер. Нақты кетем дегендерге айтарым, туған жерден арқан арқан жүк қана емес, еліме, жеріме пайдам тиед деген ниетпен, идея һәм жоспарларыңызды, қабілеттеріңізді ала келсеңдер екен. Бұл іс үлкен бір істің бастамасы болғанын, басқа ерлер үлгі етіп, Солтүстікте басқада ауылдарды жандандыруды қолға алар деген үмітімде жоқ емес. Қаншама көп балалы отбасы Алматыда, басқада қалаларда үйсіз-күйсіз жүр, соларға таптырмас мүмкіндік. Басында, айдала, суық деген әңгімелер болуы мүмкін. Бірақ сөзімізді іспен нақтылап, көзге көрсетсек көнер жұрт аз болмас. Ниет бойынша, болашақта Жылу атты қайырымдылық қорын құрып, сол арқылы жағдайы жоқ көп балалы отбасыларды анықтап, оларды Солтүстікке көшіруге үгіттеу ойымда бар. Шыны керек, мен ешкімге: «Ойбу, ана жақта бар жағдай жасалады, ақ-көк» деп алтын тау уәде етпеймін. Егер тек сол әлеуметтік көмек үшін келемін десең, онда өз мекеніңнен көшпегенің жөн. Ал бірақ сол жағдайды өзім жасаймын, солтүстіктегі Қазақ қорғанының бір кірпіші боп қаланамын десең онда мархаббат. Хабарлас. Шындығы керек, басында қиын болады, жер шалғай, күн суық. Даласында қасқыры көп. Бірақ, біз боламыз. Бір боламыз. Барымызды салып көмегімізді береміз. Айтпақшы, барам дегендерге Үкімет тарапынан көшіп келген әр отбасы мүшесіне бір реттік 200 000 тг беріледі. Баспана мәселесі бойынша бес жылға үй беріледі яғни бес жыл бойы үй ақысын төлемей тек қана жарық пен су төлейсіз. Бастапқы жылы отын суға көмек ретінде мемлекет қаржы береді, оқимын дегендерге оқу мәселелері және оқу бітірген адамдарға грант беру мәселесі қарастырылған. Өздеріңіз білетіндей мен «Шопан ата» мал өсірушілер қауымдастығында жұмыс істеймін. Ол қауымдастықтың мақсаты елдегі мал шаруашылығын дамытып, асылдандыру, мал басын көбейту болып табылатындықтан біздің тараптан Солтүстікке көшіп, мал өсірем деген ниеті бар адамдарға кредит, субсидия, шабындық және жайылым жер алу барысында барынша көмектер көрсетілетін болады. Кооперативтер құрамыз. Оның үстіне, мал ұрықтаушы, жылыжай маманы деген мамандықтарды онлайн оқытып беретін мүмкіндіктеріміз және бар. Қазақстан алға, анау-мынау деп тек айқайлай бермей, етек-жеңді түріп, еңбек етеміз. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып топ құрамыз, ортақта «ортақ мал», ортақ егіс алқабы болады, қысқасы күн-түн демей жұмыс істейміз. Ұрпақтың, елдің болашағы үшін. Нақты, Солтүстіктің қай жеріне баратынымыз әлі белгісіз. Осы айдың 20 сынан кейін “барлап қайту” мақсатында Солтүстікке аттанамын. Егер барып көріп қайтам деушілер болса хабарласыңыз. Алматы қаласынан шығамыз. Алдымен, нақты барамын деген адамдар жекеме немесе немесе ватсап номеріме: Толық аты жөні. Отбасындағы адам саны. Мамандығы(стаж). Соңғы бір жылда пропискіде тұрған мекені. Телефон номері, және нақты не үшін көшкісі келетіні жайлы және қолынан басқада не келетіні жайлы( құрылыс, диқан, қойшы тсс) қысқада нұсқа түсіндірме қажет. Жәнеде, қандай елді мекенге барғысы келеді( аудан орталығы, орташа ауыл тсс) Көшемін, немесе болашақта көшемін деген жандар мына телеграм каналға жазылыңыздар, толық ақпараттар осы каналда беріліп түратын болады. “Теріскейге көш‼’ атты телеграм канал сілтемесі міне https://t.me/joinchat/JdFWL4R846lkMGIy Пы-сы: Егер Солтүстік Қазақстанның бір ауыл, аудан әкімдері көріп жатса, қызығар болса маған хабарласуын сұраймын. Көшеді ау, көшуге ниеті бар тамыр таныс болса осы жерге белгілесеңіз, жазбаны таратып көмек берсеңіз нұр үстіне нұр. Рахмет. Солтүстікке көшке демеу болам десеңіз Каспии номер 8778 813 6666 Құрметпен, ұлт қайраткері Бурахан Дақанов
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Қазақстан тариxы | История Казаxстана