Everything.kz

СҮЗБЕЛІ ПИРОГ.

СҮЗБЕЛІ ПИРОГ.
Асхана ♕
СҮЗБЕЛІ ПИРОГ. қамырына: -100-125гр сары май -1,5 ст ұн -100гр шекер --1шай қасық қопсытқыш (разрыхлитель ) салмасына: -500гр сүзбе -3 жұмыртқа -0,5ст қаймақ -1ст жетпейтіндей шекер (егер тəттіні жақсы көретін адам болса толық қоса беруіне болады ) Жасалуы : Сары майды үккіштен өткізіп шекер, қопсытқышпен араласқан ұнды салып ұсақ қамырға айналғанша қолмен араластырамыз. Қолымызбен қамырды қысқанда бірігетін, езгенде ұсақталатындай болу керек (яғни песочный ))))) Салмасы: Сүзбе , жұмыртқаның сарысын, қаймақты біркелкі болғанға дейін блендрмен араластырамыз. Жұмыртқаның ағын шекермен əппақ болып көпіріп қатайғанша миксерлейміз. Сосын сүзбеге қосып жай араластырамыз. Енді формамызға қамырын астына, жанына қолымызбен басып орналастырамыз да бетіне салмасын салып оның бетін фольгамен жабамыз (беті қызармауы үшін, чизкейк сияқты болу үшін. Егер қызаруын қаласаңыз жаппасаңыз да болады). 180гр 40-50мин пісіреміз. Салмасы сұйық болады. Пісу барысында бақылап тұрамыз. Кішкене қатаяды бірақ басқанда жұмсақ болады. Жəне де əркімнің духовкасы əртүрлі піскенін осылай білуге болады. Рецепт кəдімгі Сүзбелі пирогтыңкі бірақ дəмі ерекше. Бізге қатты ұнады. Бетін жеміс -жидекпен сəндеуге болады.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Асхана ♕