Everything.kz

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен!
Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен! «Мәнһәдж» дегеніміз – мұсылманның бүкіл өмір салты. Ол сенім жүйесін (ақиданы), шариғат үкімдерін (фиқһты), мінез-құлықты (әхләқты) және адамдармен болған өзара қатынасты (муәммәләтты) қамтиды. Сондай-ақ, «мәнһәдж» сөзінің астарынан «жол», «Аллаһтың үкімдерін жер бетінде орнатудың әдісі» дегенді де түсінеміз. (“Мә’әлим фил-мәнһәдж әт-тоифатил-мәнсура” 3-4). Шейх Салих әл-Фаузанға «мәнһәдж» бен «‘ақида» ұғымдарының айырмашылығы жөнінде сұрақ қойылғанда, ол кісі: «Мәнһәдж» сөзінің мағынасы «ақида» сөзіне қарағанда ауқымдырақ ұғымда қолданылады. Мәнһәдж - мұсылманның ақидасын, іс-амалдарындағы жүгінетін басшылығын, мінез-құлығын, адамдармен болған өзара қатынасын, тіпті бүкіл ғұмырын қамтиды. Яғни, мұсылманның бұл дүниеде ұстанатын (ілесетін) жолы - «мәнһәдж» деп аталады! Ал «ақида» терминіне қелер болсақ, бұл сөздің астарынан иманның негіздерін және «Лә иләһә иллә-ллаһ, мухаммадур- расулу-ллаһ» куәлігінің мағынасын ғана түсінеміз. Демек, «ақида» сөзі осы ұғымдардың аясынан шықпайды», - деп жауап берген (“әл-Әджуибә әл-муфида” 75). Мәнһәдж сөзі Құран мен Сүннетте де аталып өтеді. Аллаһ Тағала былай деді:"Біз сендердің (пайғамбарлардың) әрқайсыңа шариғат пен мәнһәдж орнаттық" (Мәида сүресі, 48-аят). Осы аятты ибн ‘Аббас: “яғни Сүннет және жол”, - деп түсіндірген (‘Абдур-раззақ 1/187, әт-Табәри 6/175). Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):«Сендердің араларыңда, Аллаһ қанша қаласа – сонша (уақыт бойы) пайғамбарлық болады, кейін Аллаһ оны тәмәмдағысы келген кезде аяқтайды (тәмәмдайды). Содан кейін, Аллаһ қанша қаласа – сонша (уақыт бойы) пайғамбарлық мәнһәджына (жолына) сәйкес халифат басқаруы болады, кейін Аллаһ оны тәмәмдағысы келген кезде аяқтайды(тәмәмдайды)…», - деп айтқан (Ахмад, әл-Баззар, әт-Табарани. Хадистің сахихтығын хафиз әл-‘Ирақи және шейх әл-Әлбани растаған. “ас-Силсилә әс-сахиха” 5). Бұл терминді Аллаһ Тағала және Оның елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алғаш атап көрсеткен болатын. Аллаһ Тағала Өзінің елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мәнһәджына қайшы шығатындарға:«Оның әміріне қайшы келетіндер өздеріне фитна келуден және ұлы азап келуден абай болсын!» (Нұр сүресі, 63-аят), - деп қатаң ескерту айтады. Хафиз Ибн Кәсир: «Мұндағы «пайғамбардың әмірі» деген сөз - оның жолы, мәнһәджы, Сүннеті, шариғаты секілді ұғымды білдіреді», - деген (“Тәфсир ибн Кәсир” 4/356) Аллаһ жақсырақ біледі!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Лекции Дилмурат Абу Мухаммад Казахстани