Стоматология мамандығы туралы

Я - Студент! (kz)
29.06.2015 в 04:04
Стоматология мамандығы туралы

Стоматология мамандығы бойынша оқу мерзімі 5 жыл (медицина бакалавры) немесе 5 жыл + 1 жыл интернатура, жалпы тәжірибелі дәрігер-стоматолог квлификациясы беріледі.

5 жыл оқуын аяқтаған бітіруші клиникалық тәжірибеге қатысы жоқ мамандық бойынша жұмыс істегісі келсе, оған стоматология бакалавры академиялық дәрежесіне ие жоғарғы медициналық білім туралы диплом, оқытылатын пәндер тізімі, бағалары, меңгерілген академиялық сағаттар көлемі көрсетілген академиялық анықтама беріледі.

(5+1) мамандығы бойынша оқу бітірушіге жалпы деңгейдегі стоматолог-дәрігер біліктілігі берілгені көрсетілген интернатураны бітіргені туралы куәлік пен оқытылған пәндер тізімі, бағалары, меңгерілген академиялық сағаттар саны көрсетілген академиялық анықтама.

Оқуын аяқтаған бітіруші, жалпы тәжірибелік стоматолог-дәрігер ретінде заңнамада бекітілген тәртіпке сәйкес қызмет атқаруға жіберіледі.

Оқуын аяқтаған бітіруші әрі қарай магистратура немесе ризедентурада оқуын жалғастыруға құқығы бар.

Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс!
Популярное