Everything.kz

Медовик торты

Медовик торты
Медовик торты Құрамы: *. Қант — 1,5 стақан *. Жұмыртқа — 3 дана *. Маргарин — 150гр *. Ас содасы — 2,5 ас қасық *. Бал — 4 ас қасық *. Ұн — 4,5-5 стақан Креміне: *. Қоюлатылған сүт — 1 банка *. Сары май — 200 гр. Дайындалуы: Жұмыртқа мен қантты қосып, миксердің көмегімен араластырамыз; Маргаринді ерітеміз; Еріген маргаринді жұмыртқа мен қант қоспасына қосамыз; Үстіне 4 ас қасық балды қосамыз; Ыдыстағы қоспаны ыстық су құйылған кең ыдысқа саламыз (паровая баня); Қоспаны үздіксіз араластырып тұру керек (30 минут); Енді ас содасын қосып, қоспа көлемі 2 есеге ұлғайғанға дейін араластырамыз; 2 стақан ұнды салып, араластырып, суытып қоямыз; Бұл уақытта кремін дайындаймыз: 1 банкі қоюлатылған сүт пен сары майды миксердің көмегімен араластырамыз; Қалған ұнды да салып, қамыр илейміз; Қамырды 8-9 бөлікке бөлеміз. Әр бөлікті қалып көлемімен бірдей етіп жаямыз; Енді қамырларды 5 минуттан пісіреміз; Ыстық күйінде әр шелпекке дайындалған кремді жағып отырамыз; Крем жағылған шелпектерді қабатымен орналастырамыз; Соңынан барып, торттың қалған ұнтақтарын немесе жаңғақтарын сеуіп, сәндейміз; Ас болсын...
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Ең дәмді тағамдар