- Торт

Ең дәмді тағамдар
22.02.2016 в 10:00
- Торт

Тестосына:

*. Ұн 3 кесе
*. Қант 1 кесе
*. Сода 1 ч.л [разлихительде болады, бірақ содада қосу керек]
*. Айран 1 үлкен (тамак ішетін) кесе
*. Сұйық май {пісте май} 1 кесе
*. Жұмыртқа 1 шт
*. Қалауыңызша жанғақ қоссаңызда болады

Дайындалуы: ұн, сода, қант, айран, жанғак (мак), жұмыртқа, май барлығын ретімен біртіндеп салып, тез тез дайындаймыз да, ыдысқа май жағып, құйамыз сосын печкаға саламыз. Қамыры қатты емес, сұйықтау, ыдысқа құйылатын болу керек, сонда жақсы көтеріледі.

Креміне:

*. Сүт 0,5л
*. Қант 1 кесе
*. Ұн 1-2ас қасық
*. Какао (қоспаса да болады)

Бір ыдысқа сүтті құйып газге қоямыз, үстіне қантты салып ерігенше араластырып тұрамыз, какаоны саламыз, ұнды салып, однородный болғанша араластырамыз. Суыған кезде қоймалжың болады.
Дайын болған пирогты екіге бөліп, арасына кремін жағып, бетіне "Казахстан" шоколадты теркадан өткізіп әсемдеуімізге де болады. Бірақ мен арасын бөлмей, пирогтын шетін кесіп алып, ұнтақтап турадымда, пирогыма кіремді жағып, септім. Ал, шетіне печенье езіп, сеуіп сәндедім. Өз қалауларыңызша сәндеуге болады. Бәрі дайын болғаннан соң, тоңазытқышқа 2-3 сағатқа салып қоямыз. Аллаһ берекесін берсін.