жаңғақ пен какао қосылған печенье
Ең дәмді тағамдар
22.02.2016 в 09:01
жаңғақ пен какао қосылған печенье

– 250гр сары май
– 75 гр жылы сүт
– 1 жұмыртқа
– 1 ш.қ. разрыхлитель
– 1,5 стакан қант пудрасы
– 1 стакан майдаланған жаңғақ
– ұн
– 2 ас қасық какао

Алдыменен жұмсартылған май мен 2 стакандай ұн + разрыхлитель қосып араластырыңыз. Енді қалған заттарды кезек кезегімен қосыңыз: қант пудрасы + сүт + жұмыртқа + какао. Қамыр әлі де қолыңызға жабысып тұрса аздап крахмал қосыңыз. Ең сонында майдаланған жаңғақтарды қосыңыз (жаңғақтын әр түслісі жарай береді). Қамырды қалаған қалындықта созыңыз: ұзынша оқтау формасын алу керек. Енді арнайы “пленкаға” немесе пластикалық пакетке орап, тоңазытқышқа кем дегенде 1 сағатқа қойыңыз. Печеньелерді 170С ыстық духовкада 20-25 минуттай пісіріңіз. Печеньелер піскенше үстіне жағылатын шоколадты ерітіңіз. Дайын печеньелердің үстіне шоколад жағып (қалаған сурет салып не болмаса бір тамшы шоколад тамып қана), шоколадтың қатаюі үшін 5 минутқа тоңызытқышқа қойып қойыңыз.