Everything.kz

Қайратжан

Қайратжан Елiнiң ойлап жағдайын, Қаруға тосқан маңдайын. Рысқұлбеков Қайратжан, Жүректе қаласың әрдайым. Шыдамай iсiне мәңгүрттiң, Алаңда ұранды жаңғырттың. Табаның тайып көк мұзда, Қазағың үшiн қан жұттың. Жиырма бiр-ақ жасыңда, Ауырлық салған басына. Нағыз Қазақ батыры, Қайрат сенсiң расында. Атыңды жазып алтынмен, Мақтанамын сенiң даңқыңмен. Жасайсын мәңгi Қайратжан, Тәуелсiз Қазақ халқыңмен. Досболат Санат
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев