Everything.kz

Намаз оқымаған жанның үкімі қандай болмақ?

Намаз оқымаған жанның үкімі қандай болмақ?
Намаз оқымаған жанның үкімі қандай болмақ? Намаздың ақылды, балиғат жасына жеткен,хайыз бен нифастан тазаланған мұсылмандарға парыз екені жайлы ауызбірлік бар. Намаз бен ораза секілді тәндік ғибадаттарда өкілдік іске аспайды. Намаздың парыздығын теріске шығарған діннен шығады.Өйткені Намаз айқын аят, хадис және ижмағ дәлелдерімен анықталған. Жалқаулық,немқұрайдылық себебімен Намазды тастаған күнәһар және пасық болады.Намаз оқымау - дүние мен ақырет азабынан себеп. Ақыреттегі азап туралы Құранда былай айтылады: «Олар жәннатта тұрып; күнәһарлардан: «Сақар жаһаннамға түсулеріңе нендей себеп болды?», - деп сұрайды. Сонда олар: «Біз намаз оқымайтын едік», - деп жауап қатады». (Мүддәсир,74/40-43). Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Әдейі намазды тастаған адамға Аллаһ пен Пайғамбардың көмегі болмайды», - дейді (Бухари, Мәуақит, 15, 34; Насаи, Салат, 15).; «Кімде-кім жұма Намазына немқұрайлылықпен қарап, оны үш рет тәрк етсе, Аллаһ Тағала оның жүрегіне мөр басады» (Насаи, Жұма,; 2; Тирмизи, Жума, 7; ибн Мажа, иқама,; 93.).Имам Ағзам мазһабы бойынша, жалқаулық жасап, Намазды тастаған адам, Намаздың парыздығын теріске шығармайынша, діннен шықпайды. Бірақ күнәһар, пасық болады. Оған Намаз жайлы ескертіліп, насихат етіледі немесе тәрбие үшін жаза беріледі.Кімде-кім Намазын ұмытып немесе ұйықтап қалса, яки жалқаулықпен оқымаса, сол оқымаған Намаздарыньң қазасын міндетті түрде оқиды.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества •ДІНИ ӘҢГІМЕЛЕР•