Everything.kz

Исламның кезекті жекпе-жегі

Исламның кезекті жекпе-жегі
Тұлға өсиеті
Исламның кезекті жекпе-жегі Соңғы күндері бокссүйерқауым арасында 7 қараша күні өткен қазақстандық боксшы Қанат Ислам мен доминиканалық боксшы Хонатан Батистаның жекпе-жегіне қатысты дау басылар емес. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы қадамын үнемі қадағалап, оның қатысуымен өткен барлық сындарға ақпараттық қолдау көрсету мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысады. Көпшілікке аян, Қанат жекпе-жектерінің барлығын шетелде өткізіп жүр. Кәсіпқой бокста рейтингтің маңызы зор екені аян. Ал Ислам бұл салаға жаңа келген адам. Оның үздік боксшылар тізімінде бар болғаны 90-шы орында тұрғаны және белгілі. Сол себепті қазірше ол өткізген кездесулер халықаралық трансляциялар тізіміне ілінбеуде. Қанаттың жиырмасыншы жекпе-жегі де аталған себеппен көпшілік назарынан тыс қалды. 7 қараша күні Майамиде өткізілген бокс кешінің басты кездесуі - ганалық Фредерик Лоусон мен Кевин Бизье арасындағы жекпе-жек тек жартылай ортақ салмақтағы IBF title eliminator атағына талас болатын. Ал мұндай жекпе-жектер кәсіпқой бокс әлемінде жоғары бағаланбайды. Сондықтан бокс кеші толығымен көпшілік үшін қолжетімді телеарна емес, трансляцияны әлемге таратуға лицензиясы жоқ интернет-арна арқылы ғана көрсетілді. Дегенмен, «Қазақстан» РТРК» АҚ шығармашылық ұжымы бұл жекпе-жекті көрермен назарынан тыс қалдырмай, «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Бүгін жексенбі» таңғы бағдарламасында кездесудің қорытындысы жайлы отандастарымызға бірінші болып хабар жеткізді.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Тұлға өсиеті