Everything.kz

Өзгенікімін...

Өзгенікімін... Сен жассың әлі қарағым, Балалық сезім бойыңда. Таусылса тағы жанарың, Шындықтың шынын мойында. Екеуміз екі бөлекпіз, Таппаймыз жарасым. Сүйгенді сүю керекпіз, Жоқ оған таласым. Мен саған тең бола алмаймын, Минус боп қаламын, Басқаның бақытын жалғаймын, Тек осы қалауым. Ренжіп тек мені сөкпе, Сен сондай ақылды қызсың. Бақытың көтеріп көкке, Бағыңа жетелеп ұшсын. Тілеймін сағанда бақыт, Тілеймін өзіме де шын. Көрсетер барлығын уақыт, Бірақ мен... Өзгенікімін! Өтеген Әмір
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев